22.11.2022, 15:01
Оқылды: 47

БҚО-да 3 күнде 3 жол-көлік оқиғасы орын алды

Салдарынан 2 адам мен 1 бала көз жұмып, ауруханаға 4 адам мен 1 бала түрлі дене жарақаттарымен жеткізілді.

WhatsApp Image 2022-11-22 at 14.41.46

19 қараша күні сағат 02:30 уақыт шамасында “Самара-Шымкент” тасжолындағы Алғабас ауылына жақын маңда “Toyota Alphard” маркалы автокөлігін тізгіндеген 1998 жылғы жүргізуші жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей 1961 ж жүргізушінің басқаруындағы “Mercedes-Benz ” маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан “Тайота Альфард” маркалы автокөлігінің 1970 ж және 1978 ж жолаушылары оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ “Toyota Alphard” маркалы автокөлігінің 1998 ж жүргізушісі мен 1988ж, 2003ж және 2006 ж кәмелетке толмаған бала түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

20 қарашада сағат 15:25 уақыт шамасында «Шыңғырлау-Ақсай» тас жолындағы 22 шақырымында Ащысай ауылына жақын тұста «LADA Granta» маркалы автокөлігін тізгіндеген 1988 ж жүргізуші рөлге ие бола алмай жол жиегіне аударылған. Апат салдарынан 2015 ж кәмелетке толмаған бала алған жарақаттарынан ауруханаға жетпестен көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

20 қараша күні  сағат 13:00 уақыт шамасында «Самара-Шымкент» тас жолындағы Бекей ауылының жақын тұста «Nissan Maxima» маркалы автокөлігін тізгіндеген 1994 ж жүргізуші жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей 1962 ж жүргізушінің басқаруындағы «Mercedes» жүк көлігіне және қарама-қарсы бағытта келе жатқан 1984 ж жүргізушінің басқаруындағы «Volvo» жүк көлігіне соқтығысты. Жол апатының салдарынан 1976 ж жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

WhatsApp Image 2022-11-22 at 14.41.47

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айтылып жатқан ескертулерге қарамастан осындай жантүршігерлік жол апаты орын алуда.

Құрметті азаматтар! БҚО ПД жол ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауды, жол ережелері талаптарына қатаң түрде бағыну қажеттігін ескертеді.

Құрметті жүргізушілер өзінің және өзгенің өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз!

БҚО полиция басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале