20.05.2024, 12:15
Оқылды: 106

БҚО-да 300 мың теңгеге «ғажайып көрпе» сатқан алаяқ ұсталды

Орал қаласы ПБ Шаған полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері Оралда егде жастағы әйелді алдаған алаяқты «оқиға ізін суытпай» ұстады. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алаяқтар әйелдің сеніміне кіріп, түрлі ауруға ем болады деген сылтаумен «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сатады.

4a402ebf-8039-4121-8945-1567ecc59d4c

Оралдық тұрғын алаяққа 140 мың теңге ақша мен алтын әшекейлерін берген.

Алайда күдіктенген әйел дереу полиция қызметіне хабарласады. Полицейлер ақпарат түскен бойда күдіктіні іздеуге кіріседі. Ал алаяқ сол сәтте Ақтөбе облысына шығып үлгерген. Полицейлер тәулік ішінде Ақтөбе облысының аумағында жүрген алаяқты ұстайды.

Жәбірленушіге ақша мен алтын әшекейлер қайтарылды. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале