«Бекіре-2019» профилактикалық шарасы барысында БҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы, табиғат қорғау полициясы тобы мен «Охотзоопром» қызметкерлері заңсыз балық тасыған 1980 жылы туған А. есімді азаматты ұстады.
«ГАЗ-53» маркалы автокөлігін тізгіндеген жүргізуші 5 сәуір түнгі сағат 02:40 шамасында Ақжайық ауданы Чапаев ауылының маңындағы Атырау-Орал тас жолында ұсталды. Ол тиісті құжаттарсыз 3,5 тонна ұсақ балық түрін әкеле жатқан.
Аталған факті бойынша Ақжайық ауданының полиция бөлімі ҚК-нің 196-бабының 1-бөлігі (көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта балықты қайдан алғаны тексерілуде.
Айта кетейік, «Бекіре-2019» жедел-профилактикалық шарасы БҚО-ның Орал-Каспий бассейні аумағында 31 мамырға дейін өтеді.
Батыс Қазақстан облысының
ПД баспасөз қызметі