2.11.2021, 10:06
Оқылды: 39

БҚО-да 400-ден астам адам «Лидер», «Алтын Тумар» және «Великое Будущее» қаржы пирамидаларына алданған

Қаржы пирамидасы – бұл салымшыларды белсенді түрде тартатын алаяқтық жоба. Қаржы пирамидаларының үш негізгі белгісі бар, соларға назар аудару қажет.

финпирамида

Біріншіден, тіпті ең бай адамдар да қысқа мерзімде өздерінің байлығын 100 немесе одан да көппайызға арттыра алмайды. Миллионерлер ақшаны банкте сақтайды. Қазақстан банктеріндегі депозиттер бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме жылына 11% құрайды.

Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар қысқа мерзімде жоғары пайда табуға уәде береді.

Екіншіден, банктерге салынған барлық салымдар мемлекет тарапынан қорғалған. «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ азаматтардың депозиттерін қорғайды және олардың сақталуына кепілдік береді.

Бұл ретте, қаржы пирамидаларына салымдарды қайтару және уәде етілген пайданы алу үшін ешкім жауапты болмайды.

Үшіншіден, қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар моральдық-психологиялық қысымның әртүрлі құралдарын пайдаланады. Бұл жиі жарнама, мессенджерлердегі көптеген хабарламалар және «көмек» және «кеңестер» түріндегі басқа манипуляциялар.

Қаржылық мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысының қызметін тоқтатты.

Орал қаласының екі тұрғыны «Лидер», «Алтын Тумар» және «Великое Будущее» қаржы пирамидаларын ұйымдастырып, оларға азаматтардың қаражатын тартқан.

Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар «WhatsApp»- та чат құрып, 7 күн ішінде салынған қаражаттың 100%-нан асатын сыйақы алу үшін ақша салуды ұсынған.

Ақша қолма-қол немесе «Kaspi Gold» картасына да қабылданды.

Тергеу барысында бір салымшыға пайда басқа салымшылардың жарналары есебінен берілгені анықталды. Ұйымдастырушылар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған жоқ.

«Лидер», «Алтын Тумар» және «Великое Будущее»қаржы пирамидаларына жалпы сомасы 63 миллион теңгеден астам 435 салымшының қаражаты тартылды.

Ұйымдастырушылар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

 ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале