20.10.2020, 16:21
Оқылды: 43

БҚО-да 410 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда 410 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

201020131342416e
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді. Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың 221-і немесе 53,9 пайызы – жергілікті атқару органдары қызметшілері, 189-ы немесе 46,1 пайызы – аумақтық мемлекеттік органдар қызметшілері.

Соның ішінде 349 қызметші (85,1 пайыз) тәртіптік комиссия отырыстарының қарауынсыз жауапкершілікке тартылып, оларға 253 ескерту, 74 сөгіс, 22 қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Тәртіптік комиссиялар мен басқа да уәкілетті органдардың ұсыныстары бойынша 61 тәртіптік жаза қолданылса, соның ішінде Әдеп кодексі нормаларын бұзғаны үшін 10, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін 8, өзге заңнама талаптарын бұзған 43 адам жауапқа тартылды.

Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларында 107 материал қаралып, соның нәтижесінде тәртіптік жазаға тарту туралы 51 ұсыным жасалды. Тәртіптік жазаға тартуға негіз жоқ деген 56 ұсыным енгізілді.

Ғалым Сұлтанұлының сөзіне қарағанда, осы кезге дейін БҚО-дағы әдеп жөніндегі кеңестің 9 отырысы өтіп, онда 32 мәселе қаралды. Соның 21-і (64,5 пайызы) профилактикалық бағыттағы мәселелер болса, 11-і немесе 35,5 пайызы –тәртіптік істер.

«Әдеп жөніндегі кеңес талқылай келе 10 лауазымды тұлғаға (2019 жылдың тоғыз айында – 5) тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс жасады. Соның ішінде бесеуі мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылыққа барған. Бұлардың үшеуіне қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту беру, екеуін атқарып отырған мемлекеттік лауазымынан босату ұсынылды. Бес қызметші (біреуі – қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, екеуі – қатаң сөгіс, екеуі –ескерту) Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін жауапқа тартылды. Бір тәртіптік іс тоқтатылды», - деді Ғ.Тұрсынбаев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале