25.05.2021, 15:57
Оқылды: 13

БҚО-да 5 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек берілді

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында шыққан Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиев облыстағы қолға алынған маңызды шараларды атап өтті. Әрине, оның ішінде облыс әкімінің тікелей бастамасымен жүзеге асып жатқан "Менің аулам – менің бағым" атты өңірлік акция да бар. 

1111

Елдегі пандемияға байланысты облыс тұрғындарына мемлекет және демеушілер тарапынан 17 млрд. теңгеге жуық әлеуметтік қолдау көрсетілді. Оған қоса 5 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек (АСП) берілді.

Пандемия кезінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында өткен жылы 8 мыңға жуық адам Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 32 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Әртүрлі санаттағы адамдар 46 кредитке қол жеткізсе, 184 адам жаңа бизнес-идеяларға гранттар алды. Ал 623 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 251 жас «Жастар практикасына», 3359 азамат қоғамдық жұмысқа жолданды.

Егіс 1

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңда 11 183 жұмысшы шаруа қожалықтарына ресми түрде тіркеліп отыр.

- Біз «Менің аулам – менің бағым» атты өңірлік акция жасақтадық.

Акцияның басты мақсаты – мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы арқылы жұмыссыз және аз қамтылған отбасыларына көшеттер мен қажетті құралдарды алып, өсірген жеміс-жидектер мен одан дайындалатын өнімдерді сату арқылы пайда көру. Акция аясында 52 азаматқа гранттар берілді.

1152 адам өз еркімен 8320 терек ексе, 396 әлеуметтік нысанда 8426 көшет отырғызылды.

Соның ішінде 248 мектепте 6497 көшет, спорттық 13 мекемеде 584 көшет, 46 мәдениет нысанында 324 көшет, әлеуметтік саланың 5 мекемесінде 57 көшет отырғызылды.

Қолға алған шаралардың нәтижесінде жыл басында өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны 117,4 мың адамнан 89 мыңға дейін азайтылды, - дейді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале