Бұл жөнінде бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев баяндады.
- Қазіргі уақытта өңірде коронавирус инфекциясының таралуы күрделі деңгейде. Жалпы ел бойынша ҚР Бас санитарлық дəрігерінің ел аумағындағы шектеулерге байланысты қаулысы шықты. Шектеу барысын қадағалай отырып, өзіміздің облысымыздың аумағында жаңадан уақытша шектеу шаралары бекітілді. Қаулы бойынша шектеулер төменде көрсетілгендей:
1. 2020 жылғы 5 шілдеден бастап Батыс Қазақстан облысының аумағында 14 күнге қатаң шектеулі карантиндік шаралар енгізілді:
1.1. Банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, отбасылық, естелік, әдет-ғұрып және өзге де адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге тыйым салынады;
1.2. Жедел жәрдем көлігін, авариялық қызметтерді және басқа да арнайы органдарды, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының/аудандарының тіршілігін қамтамасыз етуге жауап беретін ұйымдардың көлігін қоспағанда, көліктің қозғалысын 23.00 сағаттан 06.00 сағатқа дейін шектеледі;
1.3. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен скверлерге, алаңдарға, жағалауларға және халықтың басқа да демалыс орындарына (қалалық саябақ пен жағажайларды қоспағанда) баруға рұқсат етіледі;
1.4. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы тоқтайды;
1.5. Сауда үйлері мен орталықтарының (павильондардың), сауда желілерінің (оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дүкендерді, дәріханаларды қоспағанда); жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың; сұлулық салондары мен шаштараздардың; спорт және тренажерлық залдарының; фитнес орталықтарының, бассейндердің, сауналардың, моншалардың, ЅPA орталықтардың; меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі балалар ұйымдарының, балалар түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балалар мен ересектерге арналған курстар, сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлер, қалалық демалыс паркінің, жағажайлардың; барлық ойын-сауық объектілерінің, кинотеатрлардың, ойын алаңдарының (аулаларды қоспағанда), оның ішінде батуттар, аттракциондар және басқа да; түнгі клубтардың, компьютерлік және ойын, букмекерлік кеңселер, балаларды сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлер, кейтерингтік қызметтер көрсету және мерекелерді, діни объектілерді, сондай-ақ мәдениет объектілері (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер, форумдар) қызметтері тоқтатылады;
1.6. Уақыт пен жұмыс режимі бойынша келесі шектеулер белгіленеді:
- мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 80% «қашықтықтан» жұмыс нысанына көшіру (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер бар жағдайда), жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу;
- ХҚКО онлайн режимде қызмет көрсетуге көшу, онлайн режимде қызмет көрсету мүмкін емес жағдайда жазылу бойынша (сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін);
- медициналық орталықтар (жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;
- стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;
- азық-түлік базарлары және азық-түлік емес базарлар тек ашық түрдегі (жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін), сауда сөрелері арасындағы қашықтық 2 метрден кем болмауы тиіс, азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек қана өлшеп салынған түрде жүргізіледі;
- азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (азық-түлік өнімдерін сату көкөніс пен жемістерді қоспағанда, тек қана өлшеп салынған түрде жүргізіледі);
- қоғамдық тамақтану объектілеріне тек қана өзімен алып кетуге және жеткізу үшін сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
- ауданы 500 м2 астам азық-түлік емес дүкендер тек жеткізу үшін жұмыс істеуі тиіс;
- банктік қызметтер, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;
- медициналық-әлеуметтік мекемелер сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін;
- халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы (қонақ үйлер, демалыс үйлері және т. б.), сыйымдылығын 50% асырмай;
- халықпен байланыссыз қызмет көрсету бойынша объектілер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және т.б.), сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін;
- бизнес орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокаттың және нотариустың қызметтері, бухгалтер мен консалтингтің, жылжымайтын мүлік агенттігінің, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары), айырбастау пункттері, ломбардтар, сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін;
1.7. Қоғамдық көліктің жұмыс кестесін белгілеу:
Қоғамдық көлік шектеулі режим шеңберінде сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін, қоғамдық көліктің желіге барынша шығуымен, қозғалыстың біркелкі кестесімен әрекет етеді.
Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс.
Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке рұқсат тек жеке қорғану құралдарымен (медициналық бетперде, қолғаппен) рұқсат етіледі.
Таксидің жеңіл көлігінің толтырылуы (3 адамнан артық емес) болуы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғану құралдарымен (медициналық маскалармен, қолғаптармен) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі тиіс.
2. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс:
- персонал мен қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен (бетперде, қолғаппен) қамтамасыз ету қажет;
- үй-жайлардың, ғимараттардың кіретін және шығатын жерлерінде санитайзерлер орнату;
- келушілерді, клиенттерді үй-жайларға бетпердесіз жібермеу;
- үй-жайдың ішінде және сыртында адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау;
- үй-жай ішіндегі адам саны бойынша шектеу қою - 20 шаршы метрге 1 адамнан артық емес;
- үй-жай ішінде кезекте 5 адамға дейінгі шектеудің сақталуын бақылау;
- үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау күніне 2 реттен кем емес;
- келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық нысандардың кіре берісінде қашықтық термометрияны (қол тепловизорын) жүргізу;
- жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (карталар, телефондағы қосымша) үшін жағдайды барынша қамтамасыз ету.
3. Орал және Ақсай қалаларын, БҚО аудандарының елді мекендерін ауқымды ағымдағы дезинфекциялауды жүзеге асыру:
Ағымдағы дезинфекциялау келесідей аумақтарды өңдеу/өңдеу жиілігін қарастырады:
- карантиндегі емдеу мекемелері
- аптасына 2 рет, сейсенбі және сенбі күндері;
- азық-түлік базарлары – күн сайын;
- тротуарлар, аялдама павильондары, алаңдар, саябақтар, гүлзарлар, контейнерлік алаңдар – күн сайын;
- мемлекеттік мекемелер мен жұмысы тоқтатылмаған өзге де ұйымдардың ғимараттары – аптасына бір рет;
- тұрғын үй кварталдарының аула аумақтары мен тұрғын үй кіреберістері - Орал қаласы/аудандардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімдерінің басқаруымен және кесте бойынша.
Ағымдағы дезинфекциялау арнайы Дезотрядтармен жүргізіледі, процедура барлық тартылған қызметтермен келісілген (ТКҚСҚБД, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Орал қаласы мен аудандардың әкімдіктері).
Дезинфекция жүргізу кезінде денсаулыққа зиян келмеуі үшін өңдеуден кейін 5 сағат ішінде далаға шықпау ұсынылады.
Халықпен алдын ала байланыс орнату (БАҚ, әлеуметтік медиа, баннерлер, кіреберістерге үнпарақтар) қала/аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен, ауылдық, кенттік округтер, қала және аудан әкімдері аппараттарымен жүзеге асырылады.
4. Ішкі саясат басқармасы Орал қаласы және аудандар әкімдерімен бірлесе:
1) БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы кеңінен ақпараттандыруды жүзеге асыру;
2) тұрғындар үшін қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы жаднама, соның ішінде барлық қажетті шұғыл және авариялық қызметтердің байланыс телефондарын көрсете отырып, көшелерде жүру ережелері, сақтық шараларын сақтау туралы азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеу;
3) жағдайдың өзгеруі және науқастар санының өсуін есепке ала отырып, БАҚ-тың жұмысын бірыңғай үйлестіруді және орталықтандыруды қамтамасыз ету.
4. БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Орал қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп, халықты қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы хабардар ету мақсатында қалалық хабарлау жүйесін, сондай-ақ дауыс зорайтқыш арқылы дикторлардың дауыстап хабарлау жүйесін іске қосу.
5. БҚО полиция департаменті енгізілген қосымша шектеулерді сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастырсын, жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда материалдарды тез арада тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық басқармаларына жіберсін;
6. Батыс қазақстан облысы Орал қаласының/аудандарының әкімдері осы қаулының орындалуын қамтамасыз етсін.
7. Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 13 маусымдағы №20-ПГВр «Батыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу бойынша шектеу шараларын енгізу туралы» қаулысы күші жойылды деп есептелсін;
Осы қаулының орындалуы БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Н.Е. Мұстаевқа жүктелді.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
zhaikpress.kz