БҚО-да су тасқынына қарсы күрес жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін 4 525 адам эвакуацияланды. Оның ішінде - 1771 бала. Қауіпсіз орынға 1425-тен астам ірі қар, 2004 бас ұсақ мал және 33 бас жылқы айдалған.
Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Барлығы 764 мың текше метрден астам еріген су сорылып, 161 мыңнан астам қап төселген.
Қазір облыста 1 мыңнан астам адам, 300-ден аса техника және 100-ден аса мотопомпа тасқын суға қарсы жұмыс істеп жатыр.
Шыңғырлау, Жақсыбай, Өленті, Бұлдырты өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде 4 ауданның 9 ауылындағы тұрғын үйді су басқан. Барлығы - 515 тұрғын үй су астында қалды. Бұл көрсеткіш нақтыланып, тексеруден кейін жергілікті атқарушы органдар комиссиясы залалды бағалайды.
Бөрлі ауданында бөгеттің кенептері арқылы екі жерде су толғаны анықталды. Тереңдігі - 10-15 см, ұзындығы – 50 м, ені – 6 м.
Облыстың автожолдарында 25 жерден су өтіп және 32 жолды шайып өткен.
БҚО ТЖД жедел штабына 2 мыңнан аса, «қауырт желі» телефонына 296 қоңырау түскен.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты күрделі, бақылауда тұр.
«Қазгидромет» филиалының мәліметінше, бүгіннен ауа температурасы көтеріледі. Осыған байланысты, су тасқыны қаупі сақталады. Су басу қаупі болған жағдайда тұрғындар көшіріледі.
zhaikpress.kz
Құрметті батысқазақстандықтар!
Өңіріміздің бірнеше ауданында су тасқыны болып, бірқатар ауылдағы ағайын баспанасыз қалды.
Табиғи апаттың салдарынан қиын жағдайға тап болған жерлестерімізге ерікті түрде қолдау білдіремін деген өңір тұрғындары төменде көрсетілген «Ақжайық» жеке қоры арқылы қаражат жолдай алатынын еске саламыз!