«2024 жылға арналған медициналық қызметтерді жоспарлау және сатып алу бойынша түсіндіру» тақырыбы аясында жиын өтті.
Сатып алу және медициналық қызметтерге ақы төлеу ережесіне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмысы барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Батыс Қазақстан облысындағы филиал директоры Нұржамал Жұмағұлова және директордың орынбасары Бақытжан Урынбаева сөз сөйледі.
Медициналық қызметтерді уақтылы және сапалы сатып алу, сонымен қатар 2024 жылға арналған шарттар жасасу туралы мәселелер пысықталды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы басқосуға 57 медициналық мекеменің басшысы мен қызметкері қатысты.
Қор сарапшылары мен медициналық қызмет көрсетушілер пікір алмасты.
Қор өкілдері барлық ұсыныс пен ескертулерді тыңдап, жоспарларымен бөлісті.
Жиын соңында тараптар өзара сұрақ-жауап алмасты.
Айта кетейік, БҚО-да 568 326 адам медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған.
Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры БҚОФ