Өткен сенбі күні Орал қаласында казталовтық тұрғынның «Nissan Maxima» ныспылы көлігінен 632 дана киіктің мүйізі тәркіленді.
Қылмыстық оқиғаны БҚО ПО экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Зашаған кентінің Айтқұлов көшесі бойында жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде анықтаған. Бүгінде осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 339-1-бабымен (өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, 1989 жылғы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Егер қылмысы дәлелденсе, оны 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
Гүлсезім Бияшева,
zhaikpress.kz