Биылғы тоғыз айдағы облыстық мәдениет саласының бюджеті - 7,2 млрд. теңгені құраған.
-Халыққа сапалы мәдени қызмет көрсету үшін мәдениет қызметкерлерін қолдау, сонымен қатар саланың материалдық-техникалық базасын нығайту ұдайы басты назарымызда. Себебі, мәдениет пен өнерді қолдау – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі,- дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев.
Облыста 717 мәдениет мекемесі қызмет етуде. Оның 377-і кітапхана, 269-ы клуб екен. Сондай-ақ 24 музей, 2 драма театр, 7 кинотеатр, 4 орталық - Жастар шығармашылығы орталығы, облыстық халық шығармашылығы орталығы, тарих және археология орталығы, Қ.Мырзалиев атындағы мәдениет және өнер орталығы халыққа қызмет көрсетуде.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер