Бұл туралы бүгін БҚО әкімі Нариман Төреғалиев айтты. Аймақ басшысы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өткізген болатын.
Сол брифингте өңірдің дамуы туралы толық баяндаған аймақ басшысы құрылыс нысандары туралы атап өтті.
- Осы жылдың тоғыз айында құрылыс көлемі 201 млрд. теңгені құрап, 42%-ға өсті. Облыста 73 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2024 жылға 27 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып отыр.
Әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге 2023-2024 жылдарға 4,6 млрд. теңгеге 476 пәтер сатып алуды көздеп отырмыз, - деді БҚО-ның әкімі Нариман Төреғалиев.
zhaikpress.kz