4.02.2021, 9:33
Оқылды: 49

БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңес отырысында тәртіптік іс материалы қаралды

3 ақпан күні бейнеконференцбайланысы режимінде өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік іс материалдары мен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселесіне қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

іс1

Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде белгіленген қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарының талабын сақтамау, яғни көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару фактісі бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Азамат Есеновке қатысты тәртіптік іс материалы қаралып, нәтижесінде соңғының аталған тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін «атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару» түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде ҚР Төтенше жағдайлар министріне ұсыныс беру туралы шешім қабылданды.

іс2

Сонымен қатар отырыста Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен Орал қаласының жер қатынастары бөлімі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары қаралып, нәтижесінде Кеңес тарапынан аталмыш мемлекеттік орган басшысы атына сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға қатысты 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныс берілді.

Кеңес отырысы қорытындысында мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмыс қорытындыларын қарау мәселесі аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы бойынша 2020 жылы жүргізілген бақылау қорытындылары қаралып, нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесімен Жәнібек, Казталов аудандары мен Орал қаласы әкімі аппаратының ішкі бақылау қызметтерімен атқарылған жұмыс нәтижелеріне қатысты бірқатар сын айтылып, барлық жергілікті атқарушы органдар басшылары атына, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру мәселесіне қатысты бірқатар ұсыныстар берілді.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале