Бұл жайында Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов халық алдындағы есебі кезінде айтты.
Әкімнің айтуынша, егін шаруашылығы 42, мал шаруашылығы 2 пайызға өсіп, өндіріс қаржысы 123 млрд теңгені құрады. Бұл өсімге мемлекет тарапынан бөлінген 9 млрд-тан астам қаржы үлкен қолдау болды.
Нәтижесінде, өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге көп өнім жиналды. Мал басы саны 2 пайыздан 11,5 пайызға артты. Ет өнімдерінің экспорты 2 мың тонна болды.
zhaikpress.kz