13.11.2020, 17:41
Оқылды: 1

БҚО-да он айда 57 адам жол апатынан көз жұмды

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен тікелей эфирде айтты. 

оқиға 1

Өңірде соңғы 10 айда 247 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның салдарынан 57 адам көз жұмып, 298 адам жарақат алған. Соның ішінде балалардың қатысымен 31 жол-көлік оқиғасы орын алып, 1 сәби шетінеп, 34 адам жарақаттанған. Ал жергілікті жерлерде есепті мерзімде тіркелген жол-көлік оқиғасы - 170. Адам шығыны - 30, жарақат алғаны - 202 адам.

Түнгі сағат 22.00 мен таңғы сағат 06.00 аралығында 65 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 20 адам өмірден озып, 77 адам медициналық көмекке жүгінген.
Көлік жүргізушілерінің кінәсінен 235 жол-көлік оқиғасы болып, онда 51 адамның қайтыс болғандығы, 292 адамның түрлі жарақат алғандығы анықталды.
Сонымен қатар масаң күйде көлік жүргізушілер кінәсінен болған 32 оқиғада 6 адам мерт болды. Ал түрлі жарақат алғандар саны 38 адамға жеткен.
Жол-көлік қозғалысы бойынша 95 мың (94.884) оқиға анықталып, масаң күйде көлік жүргізген 1692 адамға шара қолданылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале