20.10.2020, 12:02
Оқылды: 7

БҚО-да әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді

Қазіргі таңда әйелдерді, соның ішінде ауылдық елді мекендердегі әйел азаматшаларды әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамтамасыз ету – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі.

ef6ed128cc3c6c18d9504493a72e8fc5_800_550_0

Қазіргі қоғамда әйел адамдардың атқаратын рөлі ерекше. Қай салада болмасын нәзік жандылардың белсенділігін байқауға болады.

Статистика мәліметтеріне көз жүгіртсек, 2020 жылдың II тоқсаны бойынша, экономикалық тұрғыдағы белсенді халықтың саны, яғни еңбек етуге дайын адамдардың саны 337 831 адамды құраса, соның ішінде 66,2% яғни 168 361-і әйелдер, бұл өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 3 мыңға көп.

Жұмыспен қамтылған 321 023 адамның ішінен 48,8% немесе 156 662 әйелдер. Жыл сайын жұмыспен қамтылғандардың құрамында жалдамалы жұмыскерлер арасында  әйелдердің үлесі өсіп келеді, облысымыз бойынша бұл көрсеткіш 165110 әйелді құрады. Сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған, яғни жеке кәсіппен айналысатын әйелдердің саны 44 340 құраса, соның 38 436-ы нәтижелі жұмыспен қамтылғандар.

БҚО бойынша жұмыссыз адамдардың саны 17018 адамды құраса, соның ішінде 8332-сі әйел адамдар немесе 48,9% (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116 адамға аз), әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,9% -ды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға төмен. Осы мәліметтен жыл сайын әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеп келе жатқанын байқауға болады.

Жоғарыда аталған Бағдарламаның және нәзік жандыларға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау шаралары аясында жыл санап әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді.

Әйелдер арасында жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне өз септігін тигізіп әрі Елбасының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып келе жатқан «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының рөлі зор.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – төрт бағыт бойынша мәселелерді шеше отырып, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған, жұмыссыздар мен басқа тұлғаларды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту.

Бағдарламаға жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, жұмыссыздар және кәсіби біліктілігі жоқ адамдар, оның ішінде әйелдерге басым құқығы берілген. Қазіргі таңда Бағдарлама аясында әйелдер жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылуда. "Қазақстан Республикасы Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, жұмыссыз жүрген азамат жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыз ретінде жолығып тіркелуі қажет.

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыспен қамту орталықтарына 10844 жұмыссыз әйел адам жолығып, Бағдарлама бойынша 9782 әйел мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған, сонымен қатар 8152 әйел әртүрлі уақытша және тұрақты жұмыстарға орналастырылды. Халықты жұмыспен қамту орталықтарымен тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. Осылайша, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде жұмыс берушілер мәлімдеген бос жұмыс орындарына 2702 әйел жұмысқа орналастырылды.

Еңбек нарығындағы әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Бағдарламаның бірінші бағыты тегін оқыту аясында еңбек нарығындағы сұранысқа ие әртүрлі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқумен 308 адам жолданса, соның 131 - і әйел адам, оның ішінде 22-сі оқуларын аяқтап, 18-і жұмысқа орналастырылды.

Бағдарлама аясында оқытудан өткен әйел адамдарға оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдау, шәкіртақы, 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жолақы, 5 есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек, 2 есептік көрсеткіш мөлшерінде медициналық тексеріс бойынша көмектер қарастырылған. Сондай-ақ әйел адамдарды кәсіпкерлікке тарту бойынша да бірқатар шаралар атқарылуда.

Бағдарламаның екінші бағыты Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында жеңілдетілген несие беру және қайтарымсыз негізде 200 АЕК дейінгі гранттар беру қарастырылған.

Жоғарыда аталған шаралар өз ісін бастаған немесе кеңейткісі келетін әйел адамдарға үлкен мүмкіндік беруде. Есепті кезеңге 556 адам жеңілдетілген 6% несие қол жеткізсе, соның 123-і әйел адамдар. Соның ішінде 63 нәзік жанды өз бизнесін бастаса, 60 әйел өз ісін кеңейтті.

Несие алғандардың басым көпшілігі, яғни 47,1%-ы мал шаруашылығын, 18,9%-ы құс шаруашылығын, 34,0%-ы кәсіпкерліктің өзге де салаларын, яғни сұлулық салоны, қолөнер, тігін саласы, балалар бақшасын ашу, тамақ өнеркәсібін дамыту және тамақтандыру орындарын ашу сияқты салаларды дамытуға алды.

Атап айту қажет, Бағдарлама шеңберінде несие беру бойынша табысы аз және көпбалалы отбасылардың мүшелеріне бірқатар жеңілдіктер қарастырылған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі барлық азаматтарға 6% берілсе, бұл санаттағы азаматтарға 4 %-дан берілуде. Несие және грант алуға алғышарт болып табылатын «Бастау - Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік оқытудан 555 әйел өтіп, барлығы бизнес-жобаларды қорғап, сертификаттарын алды.

Мемлекеттік қолдау шараларының бірі  – қайтарымсыз негіздегі жаңа бизнес идеяларды іске асыруға бағытталған мемлекеттік гранттарға 1306 адам қол жеткізсе, соның 821 әйел әйел адамдар, олар грант иеленгеннен кейін жаңадан өз істерін ашты. Бұдан бөлек Бағдарлама шеңберінде уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша шаралар атқарылуда. Атап айтсақ, 2020 жылдың 1 қазанында 1215 әйел уақытша жұмыс орындарымен (әлеуметтік жұмыс және жастар тәжірибесі) қамтылды, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 4235 әйел жұмысқа орналастырылды. Бағдарлама аясында әйелдерге беріліп жатқан мемлекеттік қолдау түрлері осындай, алдағы уақытта әйелдерді жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бағытында жұмыстар жалғасады.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале