28.05.2024, 11:00
Оқылды: 108

БҚО-да әкімдік есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуратурасы Көктерек ауылдық округі әкімдігінде 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады.

ЖП АҚША

- Штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру кезінде әкімдік бухгалтерінің тиісті және нақты төленген жалақысында айырмашылық анықталып, соңғы 3 жыл бойы өзіне артық  аударғаны белгілі болды.

Аталған оқиғаға қатысты аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергуді бастап, қылмыстық істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолдады.

Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толық өтеген, - делінген БҚО прокуратурасының хабарламасында.

17.04.2024 жылғы сот үкімімен кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті ірі көлемде иемдену және жымқыру) бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырып, 3 жылға бас бостандығын шектеді.

Сотталушының баласы бары ескеріліп, жаза мерзімі 2 жылға, яғни  14 жасқа толғанға дейін шегерілді.

Сот актісі заңды күшіне енді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале