21.11.2025, 10:15
Оқылды: 147

БҚО-да алаяқтарға көмектескен тұрғынға сот үкімі шықты

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша облыс тұрғынын ұстады.

Полиция ЖП (жаңа фото)

Баспасөз қызметі хабарлағандай, белгісіз адамдар өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырып, Орал қаласының тұрғынын алдап, психологиялық қысым жасау арқылы жеке депозитінен бірнеше миллион теңге шешіп алуға және ақшаны курьерлік қызмет арқылы такси жүргізушілерінен беріп жіберуге көндірген.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті Қызылорда облысының Арал қаласында ұсталды.

Тінту кезінде одан 2 000 АҚШ доллары мен 265 000 теңге табылды.

Ер адам өзінің әрекеті заңсыз екенін біле тұра жәбірленушінің ақшасын бірнеше мәрте қабылдап, алаяқтарға бергені анықталды. Сонымен қатар қылмысқа басқа да қатысы барлар іздестіріліп жатыр.

Сот шешімімен айыпталған азамат кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале