Осы жылдың ақпан айында 33 жастағы әйел адам алаяқтық бабы бойынша мамандандырылған тергеу сотының шешімімен қамауға алынған болатын.
Әйел адам Қытайдан арзан бағамен тауар тасимын деп адамдардың сеніміне кіріп, алдап келген деген айыппен ұсталған еді.
Белгілі болғанындай күдікті Қытайдан арзан бағамен тауар тасимын деп адамдардың сеніміне кіріп отырған. Бүгінде келтірілген шығын көлемі туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.
Ақпан айында облыстық соттың баспасөз қызметі былай деді.
- Әйел адам адамдардың сеніміне кіріп, алдап келген. Келтірілген шығын көлемі 123 994 370 теңге. Ол мамандандырылған тергеу сотының шешімімен қамауға алынды. Қылмыстық іс ҚР ҚК 190 бабы 4-тармағы, 2-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр».
Бұл қылмыстық істі БҚО анықтау басқармасы тергеп жатқанын айтқан едік. Содан бері арада үш ай уақыт өтті. Тергеу әлі аяқталмаған.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz