15.05.2025, 19:00
Оқылды: 155

БҚО-да «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы орындалу барысы тексерілді

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы білім және денсаулық мәселелері бойынша аймақтық кеңестің жоспарлы отырысы өткізілді. Кеңес отырысының күн тәртібінде аймақтың дамуындағы білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, құрылыс саласына қатысты мәселелер талқыланды.

2555bf46-d1fa-41d4-a91b-a3a124ba4e15

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы орындалуын бақылауда партия жанындағы кеңестер де өз жұмыстарын жіті атқарып келеді, оның ішінде атқарушы органдар басшыларының білім, денсаулық, мәдениет және спорт нысандарының құрылысы мен жаңғырту жоспарлары мен іс-шаралар көрсеткіштері туралы есебі уақытылы тыңдалуда.
- «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған жол картасында ағымдағы жылы жүзеге асырылатын жобалар бойынша білім нысандарының құрылысы мен жаңғырту жоспарлары мен іс-шаралар көрсеткіштері бойынша айтатын болсақ, ағымдағы жылы КПО БВ компаниясымен әлеметтік-инвестициялық жобасы аясында 10 бейімделген мектептердің орнына жаңа мектептер құрылысы жүргізілуі жоспарлануда. Сонымен қатар 2025 жылы 62 мектепке жиһаз алу жоспарлануда. Ренновация аясында 6 ауылдық мектепте жиһаз сатып алынады, - деді облыстық білім басқармасының басшысының у.м.а. Ақжарқын Темірханова.

21fc9f9a-8972-4a9e-8365-d11b6152bc8e
Кеңес отырысында денсаулық сақтау мәселеріне қатысты сұрақтар зерделенді. Оның ішінде халықтың өмір сүру ұзақтығын 70,5 жылға дейін ұлғайту мәселесі талқыланып, қазіргі таңда салалық мамандар тапшылығы мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айқындалды.
- Бүгінгі кеңестің күн тәртібінде арнайы қарастырған мәселелердің бірі - оқушылардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру. Бұл ретте білім басқармасы қызметкерлерінің дайындығы мен жоспарларын тыңдадық. Кеңес мүшелерінің орынды пікірлерін ескере отырып, мектеп оқушыларының өзге өңірлердегі лагерьлерге де жиі барып тұруына ықпал ету қажеттілігін атап өткім келеді. Сонымен қатар «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы аясында атқарылған жұмыстарды, оның ішінде құрылыс нысандарының мерзіміне сәйкес аяқталуын қадағалаймыз, - деді кеңес төрағасы Әліби Баяхов.

Зарина Каирова
«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының
баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале