17.03.2026, 10:30
Оқылды: 87

БҚО-да апатты үй тұрғындарының мәселесі шешіледі

Облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдің төрағалығымен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу және апатты үй иелерінің мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібінде Черекаев көшесі 2/6 мекенжайындағы сақалды құрылыс мәселесі қаралды.

651643453_18592074706028162_7725292614330627971_n

Жиында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы баяндама жасады. Әлібек Антазиевтің сөзінше, мердігер компания мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында апатты үйдің орнына жаңа көпқабатты нысан салуды жоспарлаған. Осы мақсатта пәтер иелері мен үлескерлерді тарта отырып тиісті шарттар жасалған. Алайда құрылыс жұмыстары созылып, аяқсыз қалған.

651191325_18592074727028162_4735713612666931640_n

Мәселемен жіті танысқан облыс әкімінің орынбасары апатты үй иелерінің құжаттарын реттеп, оларды баспанамен қамту және тоқтап қалған құрылысты жандандыру үшін жаңа инвестор тарту бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

652055566_18592074718028162_9191983117777949708_n 651595127_18592074736028162_901736053490700913_n

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале