24.04.2021, 21:03
Оқылды: 50

БҚО-да "Ашық әкімдік" онлайн режимде өтті

Бүгін ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында облыста "Ашық әкімдік" азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті, оған облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

IMG-20210424-WA0013

"Ашық әкімдік” барысында азаматтарды Орал қаласы мен аудан әкімдері, сондай-ақ, облыстық басқарма басшылары қабылдады.

Іс-шара ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды. Азаматтар бұрын жарияланған сілтеме арқылы онлайн залдарға кіріп, кезек тәртібімен тиісті мемлекеттік органдардың басшыларының қабылдауында болды.

Өңірде жаңа форматтағы онлайн қабылдау алғаш рет өткізіліп, оған 25 жастан асқан тұрғындардан бастап ҰОС ардагеріне дейін қатысты.

IMG-20210424-WA0012
Онлайн қабылдау 6 сағатқа созылып, осы уақыт ішінде өңір басшысы 23 тұрғынды қабылдады.

Қойылған сұрақтар негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау, интернет байланысына қатысты болды.

Сондай-ақ, Орал қаласын абаттандыруға және мүлік иелерінің бірлестігін (ОСИ)  жандандыруға қатысты ұсыныстар да келіп түсті.

IMG-20210424-WA0011
"Ашық әкімдік" іс-шарасы халықта туындайтын өзекті мәселелерді жедел және тиімді шешуге ықпал ететінін атап өту керек. Онлайн форматты қолдану - бұл уақыттың талабы ғана емес, сонымен бірге уақытты және қаражатты үнемдейтін, қашықтан қабылдау үшін ең қолайлы мүмкіндік. Бүгінгі таңда заманауи технологиялар кез-келген жерден сөйлесуге мүмкіндік береді. Әсіресе интернет байланысы бар облыс аудандары мен ауыл тұрғындары үшін ыңғайлы.

IMG-20210424-WA0010Қабылдаудан кейін тұрғындарға онлайн іс-шараның тиімділігі туралы жасырын пікір білдіру ұсынылды. Сауалнамаға сәйкес өтініш білдіргендердің 79%-ының  өз мәселелері оң шешімін тапты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале