Бұл туралы журналистермен кездесуде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» БҚО филиалының директоры Аида Ипатова мәлімдеді.
-«Әскери баспана» бағдарламасы аясында біздің өңірде 2018-2019 жылдары жалпы сомасы 1,152 млрд.теңгеге 124 қарыз берілді. Оның ішінде 2018 жылы 272 млн. теңгеге 31 қарыз, 2019 жылы жалпы сомасы 880 млн. теңгеге 93 қарыз берілді.
Тұрғын үй төлемдерін алатын әскери қызметшілер мен арнайы органдардың қызметкерлері бағдарламаға қатыса алады. Бағдарламаға қатысу үшін олардан тұрғын үй құнының 15% жинақтаумен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде арнайы салым болуы қажет. Несие 8%-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша рәсімделеді, қарыздар бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алуға беріледі. Бағдарламаны жаңарту 2020 жылы жоспарланып отыр,- деді филиал директоры.
Толық ақпарат алу үшін БҚО, Орал қаласы, Сырым Датов көшесі, 28 мекенжайы бойынша банк филиалына хабарласу қажет немесе www.hcsbk.kz сайты арқылы кеңесшімен тілдесуге болады.
«Бақытты отбасы» және «Нұрлы жер» бағдарламалары жайлы мына жерден оқи аласыз: «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 10 миллион теңгеге дейінгі үйлерді сатып алуға болады
Нұрлыбек Нұрланұлы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер