«Қазгидромет» РМК-ның 2021 жылғы 19 қаңтардағы мәліметі бойынша 20 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті жолдаған хабарламада: «Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін.
ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын. Күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112 телефондар арқылы хабарлансын» делінген.
zhaikpress.kz