16.04.2021, 16:31
Оқылды: 21

БҚО-да "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында 9 жоба жүзеге асырылуда

"Ауыл – ел бесігі" жобасы шеңберінде облыстың перспективалы ауылдық елді мекендерінің (АЕМ) тізбесіне 77 тірек, 35 стратегиялық маңызды шекара маңы және 110 спутниктік елді мекендер кіредІ. Перспективалы ауылдық елді мекендердегі халық саны 263,4 мың адамды құрайды.

 ауыл

Өткен жылы "Ауыл – ел бесігі" арнайы жобасы аясында 7 перспективалы ауыл – Сайқын, Переметный, Дариян, Калинин, Янайкин, Тасқала, Қызылтал  ауылдарын дамыту үшін 15 жобаны іске асыруға 4,369 млрд.теңге бөлінген болатын. Ал, 2021 жылы аталмыш жоба аясында 26,6 мың адам тұратын 5 перспективалы Жаңақала, Қаратөбе, Сайқын, Қызылтал, Тайпақ ауылдарын дамытуға 1,847 млрд.теңге қарастырылған. Аталған қаражатқа 5 ауылда 9 жоба іске асырылады.

Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы Краснояр орта мектебіне және Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылындағы спорт клубының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу қарастырылуда.

Сондай-ақ, Бөрлі, Жаңақала аудандарындағы 7 ауылішілік жолдарға күрделі жөндеу жүргізілсе, жол жөндеу аясында Қаратөбе ауданында 3 жоба және Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында 2 жоба жүзеге асады. Нәтижесінде 14,4 шақырым ауылішілік жолдарды жөндеу жоспарлануда.

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале