21.05.2024, 21:00
Оқылды: 76

БҚО-да ауыл тұрғынынан 226 ақбөкен мүйізі табылды

БҚО ПД Казталов аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ақбөкендердің мүйіздерін тапты, деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі. 

InShot_20240521_181650798

Казталов ауданы тұрғынының гаражын тінту барысында полицейлер ақбөкеннің 226 мүйізін тауып, тәркіледі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі бойынша 10-20 мамыр аралығында 103 қылмыс анықталды. Тыйым салынған заттарды алып жүргені және сақтағаны үшін 88 азамат ұсталды, олардан 13 бірлік атыс қаруы, 4 есірткі заты, 5 оқ-дәрі және 64 жаншып-кескіш құралдары тәркіленді.

Детоксикация орталығына қоғамдық орындардан 366 азамат оқшауланды, қабылдау-тарату орнына белгілі тұрғылықты жері жоқ 45 адам жеткізілді, сондай-ақ бейімдеу орталықтарына 8 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді.

Аталған іс-шара барысында 500-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде 435 ұсақ бұзақылық, 491 ішімдік ішу және қоғамдық орында мас күйде жүру. Сондай-ақ, көлік құралдарын масаң күйде басқарған 73 жүргізуші ұсталды.

Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда және жалғастырылатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале