Бүгін сағат 13:00 уақыт шамасында Құрманғазы көшесіндегі “Бибігүл” кафесіне қарама-қарсы аялдамада 1970 жылғы автобус жүргізушісі “Тойота Камри” маркалы автокөлігіне соқтығысып, рөлге ие бола алмай 1965 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы БҚО ПД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жол апатынан 1965 жылғы әйел адам ауруханада көз жұмды. Сондай-ақ автобустың 2 жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
zhaikpress.kz