26.10.2017, 13:50
Оқылды: 57

БҚО-да автомобиль жолдарын жөндеуге 6,2 млрд. теңге бөлінді

Janakala taktaidai tegis jolОблыстық Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Бұған аталған ұйым мүшелері, мемлекеттік мекемелер мен ҮЕҰ басшылары, жергілікті депутаттар, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Медет Шақаевтың баяндамасы тыңдалды.

- Биыл облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңғырту және жөндеу жұмысына барлығы 6,2 млрд. теңге бөлінді.  Осы қаражатқа «Бөрлі-Ақсай-Жымпиты» бағытындағы 38-53 км  (7 км), 53-68          (7 км) автожол телімдерінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.  «Чапаев-Жаңақала-Сайқын» автожолында 36-76 км (ағымдағы жылда 16 км) телімін орташа жөндеу жұмыстары жалғастырылуда және 0-36 км телімінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған телімдерді жөндеу жұмысын биыл аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, 2015 жылы басталған «Орал-Кирсаново» 1-48 км автожол телімін орташа жөндеу жұмыстарын да аяқтауды жоспарлап отырмыз. Ағымдағы жылы 15 км жолды жөндеп болуымыз керек. «Барбастау-Ақжайық-Индер» 0-43 км автожол телімінің қазіргі асфальтбетонды жамылғысын сақтау үшін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Үлкен Шаған-Переметный-Вечный» 0-32 км автожолында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Биыл бөлінген қаражатқа 2 км жол жөнделеді, мұны 2019 жылы аяқтау жоспарлануда. Аталған автожол республикалық маңызы бар «Орал-Атырау» және «Орал-Тасқала- Ресей Федерациясы шекарасы» автожолдарын қосады.  Облыстық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға барлығы 432 млн. теңге бөлінген. 2017 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 126 км жөнделіп, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 28 %-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, 71,63 млн.теңге қаражатқа облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеу жоспарлануда, қазіргі уақытта бұл жұмыстың ЖСҚ дайындалуда. Орал қаласының автожолдарын жөндеуге 8,7 млрд теңге бөлінді. Осы қаражатқа қаланың 63 көшесіндегі 69,5 шақырым (км) жолды жөндеу жоспарлануда. Орал қаласының автожолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға барлығы 400 млн. теңге бөлінді.

Жиын барысында сөйлеген Зеленов аудандық «Арна» Әйелдер Одағының төрайымы, аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы Любовь Шмарина қазіргі кезде қаражат табылғанымен, жобаны жүзеге асыратын мердігерлерді табудың қиындап кеткенін жеткізсе, Орал қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бақытжан Нұрбаев мердігерлерді белгілеген кезде олардың жұмыс тәжірибесін, техникамен қамтылуын ескеру керек деген пікірін жеткізді. Олардың ұсыныстарын мұқият тыңдаған Ербол Ғұмарұлы  бұл жөнінде тиісті орындарға жазбаша түрде жеткізу керектігін айтты.

Айша ӨТЕБӘЛІ,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале