3.03.2026, 15:00
Оқылды: 96

БҚО-да азаматтарды сайлау учаскелеріне тіркеу тәртібі түсіндірілді

WhatsApp Image 2026-03-02 at 14.11.43

15 наурыз күні Қазақстан Республикасында жалпыхалықтық референдум өтеді. Маңызды саяси күн қарсаңында азаматтарға тіркелген жерінде болмаған жағдайда да дауыс беру құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тетік түсіндірілді.

Аумақтық референдум комиссиясының хабарлауынша, 27 ақпаннан бастап тұрғындар дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін ала алады. Құжатты беру 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін жүзеге асырылады. Осы уақыттан кейін куәлік беру тоқтатылады.

Дауыс беру куәлігі азаматқа тұрақты тіркелген жерінен тыс, референдум күні – 15 наурызда өзі болатын елді мекенде дауыс беруге мүмкіндік береді. Құжатты алу үшін тұрғылықты жері бойынша учаскелік референдум комиссиясына жеке куәлікпен жүгіну қажет.

Орал қалалық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Нариман Мұстиевтің айтуынша, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін  алуға қатысты аумақтық шектеулер бар. Азамат бір елді мекеннің шегінде дауыс беру куәлігін ала алмайды. Мысалы, егер сайлаушы Круглоозерное кентінде тұрса, Оралда дауыс беру үшін куәлік рәсімдей алмайды.

Алайда басқа қалаға немесе ауданға баруды жоспарлаған азамат учаскелік комиссияға жүгініп, болатын жері бойынша дауыс беру үшін куәлік алуға құқылы. Сондай-ақ бір ауданның шегінде, бірақ өз учаскесінен тыс жерде дауыс беруді көздеген жағдайда да куәлік рәсімдеуге мүмкіндік қарастырылған.

Бұл мүмкіндік туралы азаматтарға Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы хабарлады. Комиссия өкілдері аталған тетік референдумға қатысу қолжетімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

WhatsApp Image 2026-03-03 at 15.24.04

Облыс тұрғындары референдум өткізуге қатысты барлық сұрақтар бойынша көрсетілген байланыс арналарын пайдалана алады.

 

WhatsApp Image 2026-03-03 at 15.16.04

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале