13.12.2023, 14:45
Оқылды: 67

БҚО-да бәйгенің үздіктері марапатталды

Облыстық «Бәйге» федерация жыл бойғы бәйгелерде бабы мен бағы келісіп, аламанның алдын бермеген жүйрік иелерін, бапкерлер мен шабандоздарды бәйге спортының жанашырларын марапаттауды дәстүрге айналдырды. Биыл да федерация игі істі жалғастырды.

2a410874-8bce-48ca-b847-ef46164669b2

Ұлттық спортты ұлықтаған шараға республикалық «Бәйге» федерациясының вице-президенті Алмас Сапашев, Орал қалалық спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов, БҚО бәйге федерациясының президенті Сатқали Байзуллин атбегілер мен бәйге жанашырлары және шабандоздар қатысты.

 - Биыл өңір атбегілерінің жеткен жетістігі аз емес. Батыс жүйріктері еліміздегі айтулы бәйгелерге қатысып, үздік нәтиже көрестті. Сонымен қатар көршілес Башқұртстан республикасындағы ұлттық фестивальге барған шабандоздар аламанның алдынан көрінді. Облыс басшылығының қолдауымен Ұлттық спорт мектебі жанынан «Бәйге» бөлімі ашылып, онда 30 бала жаттығып жүр. Ат спортын дамытып, жүйрік жарату ісінде біраз ілгерілеу бар. Сол себепті жыл соңында ұлт спортын ұлықтаған, жүйріктің бабын келістірген жандарды марапаттауды азаматтық парызымыз санаймыз. Спорттың аталмыш түрін кәсіби тұрғыда дамыту жұмыстары әрі қарай жалғаса беретінін, - деді Сатқали Демесінұлы.

69f51c9c-a567-4f82-aeee-84e4238b29c2

Сондай-ақ бөлек шарада ұлттық спортты ұлықтап, батыс өлкесінде бәйгені дамытуға үлес қосып жүргендерге алғысын білдірген федерация президенті жыл бойы бәйге ұйымдастыруға ерекше үлес қосқан Теректі, Бөрлі, Тасқала, Қаратөбе, Шыңғырлау, Жаңақала, Казталов, Ақжайық аудандары әкімдіктеріне, бәйге жанашырлары мен демеушілерді арнайы алғысхаттармен марапаттады.

Одан әрі Орал қалалық спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов еліміздің көрнекті, ресми бәйгелерінде шауып, өзінің кәсіби біліктілігін көрсеткен. Олардың ішінде Айсұлтан Миразат, Әбдурахман Боранбай, Саян Айболат, Саят Серікбай сынды жас спортшыларға бәйге спортынан «Спорт шеберлігіне үміткер» спорттық дәреже куәліктерін табыстады. Ал Әлихан Бекенов «І разрядты спортшы» атанды.

084feb1c-f7a1-46ef-97f7-9486a2864065

Өңірдегі бәйгенің қандай деңгейде дамығанын көрмекке келген республикалық «Бәйге» федерацияның вице-президенті Алмас Сапашев облыс атбегілерін жетістіктерімен құттықтап, ұлттық спорттың дамуына еңбегі сіңген казталовтық Нұрболат Әдиетов пен Армат Исановтың өңіріне «Сәйгүлік» медалін тақты.

Әрі қарай шараның ең басты кейіпкерлері – осы жылдың жүйріктерін баптаған бапкерлер марапатталды. Олардың ішінде батыстың бас бәйгесіне айналған «Жайық жүйрігінде» өңір намысын қорғаған «Сильвия» атты арғымақтың бапкері Серік  Жүндібаев, «Назкүрең» атты тұлпарды дайындаған Еламан Бектемірұлы, «Сұлтан» ныспылы сәйгүлікті баптаған Ернұр Нұржанұлы, бірнеше аламан бәйгенің алдын бермеген «Ақбастау» атты сәйгүліктің бабын келістірген Бекзат Сабырғалиұлы, бабы мен бағы қатар шапқан «Тоқтамас» пен «Қарлығаштың» бапкері Нұрқанат Ғарифоллаұлы, «Жайық жүйрігінде» «Нұртөбел» атты қолтума тайын қосып, жеңімпаз атанған Асылбек Абатұлы бар.

b77d532b-ca03-4e3f-af81-6d5e973c0252

Жүйріктер мен шабандоздар «2023 жылдың үздік арғымағы» деп «Жаңабаев» шаруа қожалығының «Сильвия» тұлпары таныды. Ат иесіне марапатты өңірімізге белгілі атбегі, селекционер, теректілік Әміржан Бекенов табыстады.

Шара әрмен қарай шабандоздардың марапатына жалғасты. Соның ішінде осы жылы үздіктерді тақымдаған жиырма екі шабандоздың есімі ерекше аталды. Олардың қатарында биыл үш бірдей автокөлікті ұтқан жүйріктерді тақымдаған Еркеш Усан, сырымдық Ырысбек Мырзабекұлы,  ақжайықтық Ержігіт Виталийұлы, оралдық Әли Еркебайұлы мен Нұрислам Нұрлыбекұлы сынды шабандоздар болды.

БҚО «Бәйге»

 федерациясының баспасөз қызметі

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале