22.02.2024, 21:00
Оқылды: 69

БҚО-да балаға МӘМС есебінен тұңғыш рет баллонды дилатация жасалды

БҚО-да балаға МӘМС есебінен тұңғыш рет баллонды дилатация жасалды. Көпбейінді облыстық балалар ауруханасында өңештің төменгі 1/3 бөлігіндегі пайда болған өңеш тарылуына баллонды дилатация жүргізіліп, тарылуы кеңейтілді.

IMG-20240222-WA0057

5 ақпан күні ауруханаға бөгде дене жұтып қойды деген күмәнмен 3 жарым жастағы пациент құсып, ауызынан сілекейлі сұйықтық бөлініп және мазасыздық шағымдарымен түскен.

Балаға шұғыл түрде фиброэзофагогастродуоденоскопия жасалып, өнештің тоталды (яғни өнештің ұзына бойына) химиялық күйік шалған белгілер анықталды. Отаны хирург-эндоскопист Ильяс Имашев атқарды.

- Ата-анасының айтуынша бала алма жеп қойды деген шағыммен келді. Жалпы жансыздандырумен фиброэзофагогастродуоденоскопия әдісі жасалып, химиялық күйіктің белгілері анықталды. Баланың жанында қандай да болмасын химиялық заттар болмағанын айтуда. Отадан соң пациенттің жағдайы қалыпты. Өңештен тамақ өтуі жақсарды. Өңеш қалыпты диаметрге жеткенше ем-дом жалғаса береді - дейді дәрігер Ильяс Ғалымжанұлы.

Сымбат Қыпшақбай,

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры БҚОФ бас сарапшысы 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале