«Оның бірі - А.Островский атындағы облыстық орыс драма театры. Оның құрал-жабдықтары тозған, шатырынан су ағады»,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов бүгінгі облыстық мәслихат сессиясында.
Өңір басшысы жеті аудандағы жолдарды жөндеуге 1 млрд. теңгеден астам, Оралдағы «Жұлдыз» шағын ауданында тасқын суды ағызу арнасы мен тас жол салуға 500 млн. теңге бөлінгенін, қаржының игерілуі қажеттігін еске салды.
Сондай-ақ сессияда облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 27 маусымдағы «БҚО-ның шекара маңындағы аудандарын дамытудың 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» шешімінің орындалуы, «БҚО-ның аудан орталықтары мен тіректі ауылдық елді мекендерін дамытудың 2014-2018 жылдарға арналған жеке кешенді жоспарларын және ауылдық округтердің орталықтарын дамыту бойынша 2014-2018 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары туралы» шешімін жою, облыстың су нысандарында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы мәселелер қаралып, мақұлданды.
Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,
zhaikpress.kz