Өңірдегі төтенше жағдай уақытында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің шешімімен 15 сәуірден бастап қала мектептері мен колледждері, қосымша білім беру ұйымдарында және Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының колледждерінде оқу процесі онлайн форматта Вilimland.kz, Daryn.online платформаларында ұйымдастырылады, деп хабарлайды БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.
Оқушыларды техникалық оқыту құралдарымен қамту жұмысы ұйымдастырылып жатыр. Ата-аналардан балалардың қауіпсізідігін үнемі қадағалау сұралады.
zhaikpress.kz