Батыс Қазақстан облысында бір адамның коронавирусты қайта жұқтыру дерегі тіркелді, деп жазады ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, әйел адам індет басталған уақытта, сәуір айында ауырған. Содан кейін жазда, тамызда қайтадан осы сырқатқа шалдыққан. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 4 жүкті әйелдің коронавирус індетін жұқтырғанын жазған болатынбыз.
zhaikpress.kz