Кеше түнгі сағат 01.20 уақыт шамасында «Тасқала-Атамекен» тасжолының 36-шақырымында 35 жастағы жүргізуші «ВАЗ-21074» маркалы автокөлігін басқара отырып, рөлге ие бола алмай аударылып қалған. Апат салдарынан 1987 жылғы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Дәл сол күні таңғы сағат 07.30 уақыт шамасында «Кирсаново-Уральск» тасжолында 24 жастағы «Лада-2107» маркалы автокөлігін басқара отырып, жол жүру ережелерін қамтамасыз етпей 59 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «ГАЗ-53» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада-2107» маркалы автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, сондай-ақ 1998 жылғы жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған фактілерге сәйкес ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (Жол қозғалысы ережелерін бұзу).
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі