13.02.2024, 11:45
Оқылды: 60

БҚО-да бір тәулікте 137 адам жарақат алған

Қолайсыз ауа райы адамдарды дәрігердің көмегіне жүгінуіне мәжбүр етіп отыр. Бір тәулік ішінде көктайғақтан құлап, жарақат алған 137 адам аурухананың жарақат бөліміне жолыққан.

жп адам муз

- Көктайғақтан тайып құлап, дәрігерге қаралып жатырғандар қатарында балалар да бар. Бір тәулікте көпбейінді балалар ауруханасына 58 бала келді. Оның ішінде екі балада сынық болып, ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек облыстық көпбейінді аурухананың жарақат бөліміне 34 адам барған. Олардың ішінде түрлі дәрежедегі сынық алған 15 адам тіркелген. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылыпты.

Ал қалалық көпбейінді ауруханаға бір тәулікте  45 адам жеткізілген.

- Дәрігерлер аурухананың жарақат бөліміне тайып, құлап түрлі дене жарақатын алып, түсіп жатқан науқастарға көмек қолын созып жатыр, - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале