25.06.2018, 23:11
Оқылды: 52

БҚО-да бірқатар инвестициялық жобалар талқыланды

Облыс әкімі жанындағы инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтіп, бірнеше инвестициялық жоба қарастырылды.

-Ұлттық компания төрағасы мен БҚО әкімі Алтай Көлгіновтің арасындағы келісім бойынша жұмыс сапарымен келдік. Өткен жылы компания құрылып, қазір нақты жобалармен жұмыстанудамыз. БҚО-дағы кәсіпкерлермен кездесіп, болашақта қай салада қандай жобаларды дамытуға болатынын талқыладық. Елбасының тапсырмасы бар, біздің ұлттық компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бар. Алтай Сейдірұлы, сізбен келісе отырып, мемлекет тарапынан нақты көмек алатын жобаларды жинақтап, Үкіметке жеткізуіміз керек,-дейді «Қазақ Инвест» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев.

Кеңесте «Қазақ Инвест» ҰҚ» АҚ аймақтық өкілдігінің директоры Анвар Ниетқалиев аталмыш компанияның қызметі жөнінде баяндады. «Адал Арна Алматы» ЖШС өкілі Борис Горлов Бөрлі ауданында салынатын асфальтбетон зауытының жобасымен таныстырды. Тасқала ауданында алма бағын салу жобасымен «Тексас Эдвансд Рисеч Сенте» ЖШС директоры Газиз Исаев таныстырды. Бөрлі ауданының әкімі Санжар Әлиев ауданның инвестициялық әлеуеті туралы баян етті. Облыстағы инвестициялық жобалар туралы мақаланың толық нұсқасы «Орал өңірі» газетінде жарияланады.

Ясипа Рабаева,

Суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

invest (7) invest (1) invest (2) invest (3)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале