28.06.2024, 12:48
Оқылды: 126

«БҚО-да биыл туберкулезбен ауырған 135 науқас тіркелді» – Нұрлыбек Мұстаев

БҚО-да туберкулез ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты. Бұл жөнінде БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлімдеді.

5A3A78F1-2CF1-4BBD-9F5C-27AFDC74BB14

Фото: istockphoto.com

«Облыста биыл туберкулез ауруының 135 жағдайы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда бір деңгейде. Туберкулездің асқыну жағдайлары тіркелген жоқ.

Туберкулез – туберкулез микобактериясынан туындайтын және әртүрлі органдарда, көбінесе өкпе тінінде бір немесе бірнеше қабыну ошақтарының пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Инфекцияның негізгі көзі – науқас адам. Көбінесе ауру ауа тамшылары арқылы таралады.

Аурудың негізгі белгілеріне екі аптадан астам жөтел, дене қызуының жоғарлауы, кеуденің шаншуы, ентігу, жүдеу, тәбеттің жоғалуы, түнде тершеңдік, әлсіздік, тез шаршау жатады.

Туберкулез ауруын алдын алудың ең тиімді әдісі – жаңа туған нәрестені вакцинациялау. Туберкулездің таралуын болдырмайтын негізгі шараның бірі – науқастарды ерте анықтауды ұйымдастыру. Бұл балаларда жыл сайынғы туберкулин диагностикасын және ересектер арасында флюорографиялық тексеруді жүргізу кезінде жасалады.

Өзіңізден немесе жақындарыңыздан аурудың белгілерін байқаған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет», - дейді маман.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале