Жуырда Оралдағы облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебінің залында 2008-2009 жылғы жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өтті. Бұл турнир Қазақ КСР чемпионы Манарбек Ихсановты еске алуға арналды.
Өзбекстан, Ресей және өз еліміздің Алматы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласынан келген 200-ден астам спортшы сынға түсті.
Бокс өнерін одан әрі дамытып, жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында ұйымдастырылған турнирдің ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жеңіс Нығметуллин қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ ұйымдастырушылар Манарбек Ихсановтың бапкері Темірболат Құбашевтің иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Төрт күнге созылған бокс бәсекесінің қорытындысында жалпыкомандалық бірінші орын біздің өңірдің боксшыларына, екінші орын Ақтөбе облысының командасына бұйырса, үшінші орынды өзбекстандық боксшылар иеленді.
Шаршы алаң додасында БҚО боксшылары Айтөре Қайырбаев (42 келі), Миран Жүсіпов (48 келі), Адам Исаев (70 келі), Бекхан Қадырбек (44 келі), Әбілқайыр Мағданов (52 келі) бірінші орын алса, Заңғар Бекболат (54 келі), Ералы Үмбетқалиев (+80 келі), Диас Сәбит (57 келі), Әлихан Ғазизов (75 келі) күміс медальға ие болды. Одан бөлек Артур Маратов (50 келі), Нұрсұлтан Жұмакерей (57 келі), Жалғас Нығмет (63 келі), Расул Тілекқабылов (80 келі), Мерлан Алдияров (42 келі), Асылхан Ғазизов (44 келі), Манарбек Базарбаев (52 келі), Иран Мадир (63 келі), Бақтияр Жиенбай (70 келі) және Мадияр Әбділмәлік (75 келі) сынды жерлестеріміз жарыстың қола жүлдегері атанды.
Түгелбай Бисен,
«Орал өңірі»