31.10.2025, 17:00
Оқылды: 80

БҚО-да "Браконьер" іс-шарасы кезінде заңсыз балық аулау фактілері анықталды

Батыс Қазақстан облысында "Браконьер" іс-шарасы кезінде заңсыз балық аулау фактілері анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

20251031_121323

Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында балық қорларын заңсыз аулау және тасымалдау деректерін анықтады. Іс-шара барысында Орал – Атырау автожолында БҚО-ның Казталов ауданы тұрғыны басқарған Toyota Camry автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан өзен шаяндары салынған 10 қап табылып, олардың тиісті рұқсат құжаттары болмағаны анықталды. Сондай-ақ Орал қаласында жүргізілген тағы бір рейд барысында полиция қызметкерлері Lada Granta автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көліктің ішінен тиісті құжаттарсыз түрлі тұқымды — шортан, табан және сазан балықтары салынған үш қап тәркіленді. Аталған деректер бойынша қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері тұрғындарға ескертеді: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, балық және басқа да су биоресурстарын заңсыз аулау әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале