«Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызмет пен халықтың өмір сүру жағдайының ерекше шарттары бар шектеу шараларына қосымша шектеу шараларын енгізу».
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 38, 104-баптарын басшылыққа ала отырып, Орал қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (CОVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Орал қаласының аумағында келесі шектеу шараларын енгізу:
1.1. 65 жастан асқан адамдардың аса қажеттіліксіз көшеге шығуын шектеу;
1.2. Демалыс күндері ауыл шаруашылық, азық-түлік жәрмеңкелерін өткізуге тыйым салынсын;
1.3. Демалыс күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын.
2. Орал қаласының әкіміне және Орал қаласының полиция басқармасына:
2.1. Мекенжайлары бойынша жабайы сауда орындарын жою:
- Досмұхамедов к-сі, «Мирлан» базары ауданы;
- Әбілқайыр хан даңғылы, 155, "Жайық дүкені" ауданы;
- Н. Назарбаев даңғылы, "Юбилейная" аялдамасы ауданы;
- Құрманғазы к-сі, "Школьник сауда үйі" ауданы;
- Абай даңғылы 90/2в, бұрынғы “Султан” базары
- 6 шағын аудан, "Жеңіс сауда үйіне" қарама-қарсы.
- Әбілқайыр хан даңғылы, 155, "Аяжан сауда үйі" ауданы;
- Құрманғазы көшесі Ақжол базары ауданы
- Гагарина көшесі “Өнім” базары ауданы
3. Осы қаулының орындалуын бақылау басқарма басшысының орынбасары Р.К Хасеноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап заңды күшіне енеді.
Орал қаласының Бас мемлекеттік
санитарлық дәрігері М.Р. Танауов