2024 жылғы 25-28 наурыз күндері жауын түріндегі жауын-шашын болжамы, сондай-ақ, температураның көтерілуіне байланысты, Батыс Қазақстан облысында қардың қарқынды еруі, еріген су ағынының қалыптасуы, мұз қалыңдығының әлсіреуі, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде, осылайша, судың жайылып, тасқын болуы мүмкін, деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі.
25 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік және шығысында тұман күтілуде. Орал қаласында 25 наурыз түнде және таңертеңгілікте тұман күтілуде.
Ескерту: 26 наурызда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.