Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды.
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызмет хабарлады.
Ерлан Виленұлы Тоқсанов 1966 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «педиатрия» және Алматы менеджмент университетін іскерлік әкімшілік магистрі мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы облыстық балалар ауруханасында интернатурадан бастаған.
Әр жылдары:
облыстық балалар ауруханасының реаниматолог-дәрігері, реанимация бөлімшесінің меңгерушісі, Бәйтерек ауданы Дарьян аудандық ауруханасының бас дәрігері, облыстық клиникалық ауруханасының директоры, облыстық онкологиялық диспансердің директоры болды.
Бүгінгі күнге дейін көпбейінді балалар ауруханасының директоры қызметін атқарды.