БҚО-да екі күнде екі адамның мәйіті табылды. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
- 2 ақпан полиция қызметкерлері Орал қаласы Дәулеткерей көшесіндегі үйлердің бірінен қорлықпен өлтірілген ер адамның денесін тапты. Осы оқиғаға қатысты Абай полиция бөлімі қылмыстық істі тергеуді бастады. Бүгінгі таңда күдіктіні іздеуге жеке құрам толығымен жұмылдырылды,- деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ал екінші оқиға Бәйтерек ауданы Достық ауылында болған. 3 ақпан күні таңғы тоғыздар шамасында Достық ауылының тұрғыны өз үйінен өлі табылғанын хабарладық.
- Осы оқиғаға қатысты 1990 жылғы ер адам күдікті ретінде ұсталды,- деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz