БҚО-да екі жыл бойы қорқытушылық қылмыспен айналысқан екі азамат ұсталды.
Олар 33 жастағы қала тұрғынын қорқытып, 11 млн теңге көлемінде ақша алған. Жәбірленушінің саяжайдағы үйі мен жеке дүние мүліктерін өздерінің атына жаздырып алған.
Осы іске күдікті ретінде бұрын істі болған 1966 және 1980 жылғы екі азамат ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі