Оқиға 17 қараша күні түнде болған. Марқұмды ауруханаға достары жеткізген.
«1994 жылғы азаматты Тасқала аудандық ауруханасына достары алып келді. Келген кезде оның қан қасымы - 0, пульс - 0, көз қарашығы кеңейген, фотореакция болған жоқ. Дереу жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан 2:30-да өлім тіркелді. Қасындағы достарының айтуынша, төбелестен соң жағдайы күрт нашарлаған, есін жоғалтқан. Марқұмды достары ауруханаға өз машиналарымен жеткізген», - деп мәлімдеді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ол бұрын Тасқала ауданында фельдшер болып жұмыс істеген.
Айта кетейік, бүгін қайтыс болған жігіттің қызы дүниеге келген.
Жанат Көшкінбай
zhaikpress.kz