1.04.2024, 10:30
Оқылды: 86

БҚО-да Елек өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетті

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында Елек өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетті.

елек

Фото: видеодан кадр/Шыңғырлау ауданы әкімдігі

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың мәлім еткеніндей, өзеннің суы Шілік гидрологиялық бекетінде бір тәулік ішінде 186 сантиметрге көтеріліп, 785 сантиметрге (қауіпті деңгей – 750 см) жетті.

«Ресейдің Орынбор облысы жағынан су келіп жатыр. Су деңгейі 800 сантиметрден асқан жағдайда ауданның өзен бойында орналасқан елді мекендеріне қауіп төнуі ықтимал», - деді Т.Шапанов.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі бір тәулік ішінде Орал қаласы тұсында 84 сантиметрге көтеріліп, 457 сантиметрге (қауіпті деңгей – 850 см) жетті.

Шаған өзені Чувашин ауылы тұсында 1211 (қауіпті деңгей – 1280-1300 см), Деркөл Белес маңында 670 (600-650), Қараөзен Жалпақталда 756 (790-820) сантиметрді көрсетті.

Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев жағдайдың бақылауда екендігін жеткізді.

«Елек өзенінің суы өтіп жатыр. Әзірге елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», - деді М.Өмірәлиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда кардиологиялық орталықта емделіп жатқан науқастардың көшірілгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда өлген мал саны 1 мыңнан асты.

Ғайсағали-Сейтақ,

kaz.inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале