10.09.2024, 14:45
Оқылды: 153

БҚО-да электр энергиясының бағасы өсті

«БҚО бойынша кепілдік беруші қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі («Батысэнергоресурстар» ЖШС) осы жылғы 24 шілдеде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаментіне 10 қыркүйектен бастап электр энергиясын бөлшек саудада өткізу қызметтерінің шекті бағасының алдағы уақытта 26,40 теңге/кВтсағ-тан 37,07 теңге/кВтсағ-қа (ҚҚС-пен), 10,67 теңгеге өсіммен өзгеретіні туралы хабарлама ұсынды», деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті.

D0BD66D5-A9B4-4987-9093-700B5B9D904F

Сурет: freepik.com

Aталған тариф субъект тариф жобасы ретінде ұсынылды. Өзгеріс 12 тамызда тұтынушылар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалармен талқыланды.

Электр энергиясы бағасының өзгеруіне негіз болғаны:

1. Электр энергиясын сатып алу қызметтерінің бағасының өсуі

2. Электр энергиясын беру қызметтеріне бағаның өсуі (электр энергиясының шығындарға құнының өсуіне байланысты)

3. «KEGOC» АҚ қызметтеріне тарифтің өзгеруі (шығындарға электр энергиясы құнының өсуіне байланысты)

4. Жалақының өзгеруіне байланысты жабдықтау үстемесінің өсуі

Департамент осы хабарламаны қарап, 10 қыркүйектен бастап барлық тұтынушылар топтары үшін ҚҚС-пен 28,16 теңге/кВтсағ мөлшерінде бірыңғай бағаға келісті.

Нәтижесінде, субъект бағасының жобасы қолдау таппай, тұтынушылардың барлық санаттары үшін 1 теңге 70 тиынға түзетілді. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале