22.06.2017, 17:42
Оқылды: 30

БҚО-да электронды қылмыстық іс модулі іске қосылады

Brifing 022   Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Электрондық әкімшілік іс және электрондық қылмыстық іс» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

  Оған Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнай есепке алу комитетінің облыстық басқармасының құқұқтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің басшысы Ержан Мұхитов және осы басқарманың арнайы есепке алу бөлімінің аға прокуроры Руслан Хакимов қатысып, осы құқық қорғау органының қанатқақты жобалары жөнінде хабарлама жасады.


      «Электронды қылмыстық іс модулі» қалыптастырылып, биыл біздің және Жамбыл, Павлодар облыстарында жүзеге асырылмақ. Жоба өңірімізде шілде айының басында іске қосылады.

    Оған қалалық ішкі істер басқармасы, Абай және Зашаған полиция бөлімдері, Бөрлі аудандық ішкі істер басқармасы, сонымен бірге мемлекеттік кірістер департаменті тартылады. Жобаға облыс әкімі Алтай Көлгіновтің қолдауы нәтижесінде жергілікті бюджеттен 192 млн. теңгеден астам ақша бөлінеді.

         Серік Ыхсанғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале