22.09.2022, 19:32
Оқылды: 66

БҚО-да ер адам терезеден секіріп кетті

Орал қаласында 1996 жылы туған ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті.

970a8fca-44a3-4020-a66e-705876e2a04b

Сурет: kaznovosti.kz

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға бүгін түстен кейін сағат 15.00 де болған.

26 жастағы азамат М. Мөңкеұлы көшесіндегі көпқабатты үйлердің біріндегі терезеден секіріп өз-өзіне қол жұмсаған.

ҚР ҚК-нің 105-бабындағы "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Департаменттің хабарлауынша бірқатар сараптама тағайындалған.

Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтауда.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале